Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Алматыда антитеррористік оқу-жаттығу өтіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында, Спасская көшесі, 67-үйде, сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтуде.
Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы орган күштері мен құралдарының терроризмнің шартты актісіне шұғыл ден қою және оның жолын кесу.
Түрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақындатылған оқу-жаттығуларға жедел штабқа тартылған адамдар мен арнайы техниканың едәуір бөлігі қатыстырылады.
«Азаматтарды өткізілетін терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», – дейді облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғаның заңды талабына бағынбаған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өткен жөн.