BasNewsЖаңалықтар

Алматыда өнеркәсіптік альпинист апатқа ұшырады

Алматыда өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Куәгерлердің айтуынша, бұл «Атамекен» тұрғын үй кешенінде терезелерді жуу кезінде болған.

«Аталған факті Бостандық аудандық полиция бөлімінде тіркелді. Биіктіктен құлау салдарынан 1995 жылы туған азамат қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жағдайлар белгіленген», – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Back to top button