BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы тағы 11 теңгеге төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 11,13 теңгеге төмендеп, 446,89 теңгеге тең болды. Айта кетейік, долларының 8 сәуірдегі ресми бағамы – 458,87 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатып алудың орташа бағамы – 448,56 теңге, сатылым – 452,85 теңге. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаны орта есеппен 448,51 теңгеден сатып алады, 452,70 теңгеден сатады.

Back to top button