BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп жүргізуші көз жұмды

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан «Газель» жүргізушісі көлік ішінде өртеніп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Газелдің» 38 жастағы жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып, Өзбекстан азаматының тізгіндеуіндегі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан кейін «Газель» отқа оранды. Оның жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.