Қарағандыда пакетке оралған нәрестенің мәйіті табылды

Қарағандыда гараж маңынан нәрестенің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде пакетке оралған жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100- бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД Баспасөз қызметі.