BasNewsЖаңалықтар

Ер адам COVID-19-ға қарсы 90 рет вакцина алған

Германия тұрғыны вакцинация сертификатын сату үшін бірнеше ай ішінде коронавирусқа қарсы 90 рет вакцина еккен. Алаяқты полиция ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

The Guardian басылымының мәліметінше, Магдебург қаласының тұрғыны 60 жастағы ер адам Саксония федералды штатындағы вакцинация орталықтарында бірнеше ай ішінде 90-ға дейін COVID-19 екпесін алды. Неміс Эйленбург қаласындағы медициналық орталықта ұсталды. Препараттың тағы бір дозасы үшін ол екі күн қатарынан бір жерге барған.

Полиция ер адамнан екпе картасының бірнеше бланкілерін тәркілеп (әр екпеге жаңа құжаттармен келген) қылмыстық іс қозғады. Вакцинацияның жүзге жуық дозасын адамдарға вакцинация сертификаттарын сатумен байланысты болуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 2021 жылдың желтоқсан айының басында Италияның Биелла қаласының тұрғынымен болған. Ол сертификат алып, COVID-19-ға қарсы вакцина алмау үшін айла ойлап тапқан. Ер адам силикон протезін сатып алып, оны өз қолына тағып өткізбек болды, бірақ айласы сәтсіздікке ұшырады.

Back to top button