BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте ер адам аттракционнан құлап кетті

Саябақта аттракционнан құлаған 20 жастағы жігіттің жағдайы ауыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Кеше саябақта 103 қызметіне ер адамның биіктен құлап кеткені туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері 20 жастағы жігіттің жарақаты ауыр екенін анықтады.

«Жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Оның бассүйек маңдайы жарақаттанған. Операция жасалды. Науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр» делінген басқарма хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

«Бәйдібек би көшесіндегі аттракциондағы оқиға бойынша әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді полицейлер.

https://www.instagram.com/p/CcMyyV1AtI5/

Back to top button