BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды

Шымкентте жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатқан. Ол 100 долларлық банкноттағы 9300 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, ҚМА жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарлауға шақырды. Ведомство мәлеметінше, жалған ақшаны анықтау қылмыс саналмайды, алайда мұндай банкнотты өткізу бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Back to top button