BasNewsЖаңалықтар

«Қазақтелеком» акциясының 28,8%-і мемлекет меншігіне қайтарылады

Үкімет «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Қазақтелеком» акцияларының 28,8 пайызы мемлекеттік меншікке қайтарылды.

«Сыйға тарту шарты бойынша «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жарғылық капиталының 24,95 пайызына тең 2 671 481 жай акциясын республикалық меншікке беру туралы Skyline Investment Company S.A. жеке компаниясының ұсынысы қабылдансын», — делінген қаулыда.

Сондай-ақ «Alatau Capital Investment» ЖШС сыйға тарту шарты бойынша қоғамның жарғылық капиталының 3,85 пайызы болатын 413412 жай акциясын республикалық меншікке береді. Ашық деректерге қарағанда бұл екі компания жақында ұсталған Қайрат Сатыбалдының меншігінде.

Back to top button