BasNewsЖаңалықтар
Лисаковскіде 56 жастағы әйелді өз пәтерінде өлтіріп кетті

Лисаковскіде 56 жастағы әйел өлі табылды. Полицейлер ол күштеп өлтірілгенін анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қостанай облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 сәуірде Лисаковскіде 56 жастағы танысының мәйітін сол үйге қонаққа келген әйел тапқан. Пәтердің есігі құлыпталмаған. Сот-медициналық сараптамасы кезінде зорлықпен өлтіру дерегі анықталды», – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды тергеу басталды. Жедел-тергеу тобы құрылған. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәлімет жария етуге жатпайды.