BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы өсіп жатыр

Доллар бағамы 450 теңгеден асты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,54 теңгеге артып, 450,17 теңге болды. Айта кетейік, 13 сәуірдегі ресми доллар бағамы 449,74 теңге болған еді.
Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы – 451,41 теңге, ал сатылымда – 453,91 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 451,07 теңгеден сатып алып, 454,27 теңгеден сатып жатыр.