BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысындағы балабақшадағы оқиға: баланың қалай жарақат алғаны анықталды

Түркістан облысында бір жарым жасар бүлдіршін балабақшада қалай жарақат алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға 12 сәуір күні түстен кейін Шәуілдер ауылында болған. Сағат 15:00 шамасында Отырар аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарлама келіп түскен. Онда кішкентай бүлдіршіннің жарақатпен ауруханаға түскені айтылған.

«Баланы Шәуілдір ауылындағы балабақшаның жанында көлік соқққаны анықталды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баланы қаққан Opel көлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

«Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп қосты полицейлер.

Back to top button