BasNewsЖаңалықтар

Алматыда кәдеге жарату алымына қарсы митингі өтіп жатыр

Алматыда «Кәдеге жарату алымына, бастапқы тіркеуге жоқ дейміз!» деген тақырыпта бейбіт митингі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жүзге жуық адам жиналған, оның ішінде баспасөз өкілдері мен біршама полиция қызметкерлері де бар.

Сахна алдында ұйымдастырушылар көлікті әкеліп қойып, оған үнпарақтар жапсырған.

Митинг Қазақстан гимні орындалған соң басталды.

«Кәдеге жарату алымына, бастапқы тіркеуге жоқ дейміз!» атты акцияға қатысушылар көліктерді бастапқы тіркеу дегеннің күшін жоюды талап етті.

Back to top button