BasNewsЖаңалықтар
Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды

Ақтөбеде қоғамдық көлік бағытын өзгертіп, дүкенге барып соғылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылынсында жол-көлік оқиғасы болды. №7 бағыттағы автобус алдымен қоршауға соғылып, кейін дүкенге соғылған.
«Автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Жүргізушінің айтуынша, тежегіш істен шыққан», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, автобус соққан дүкенде балалар киімі сатылады. Оның терезесі қирады. Ал жанындағы ұялы телефон жөндеу орнының қасбеті бүлінді.