BasNewsЖаңалықтар

Қарағандыда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Қарағандыда екі жасар қыз бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сәби ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.

«Оқиға Гоголь көшесінде болған. 2019 жылғы қыз абайсызда бес қабатты үй терезесінен құлап кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды», – деді Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің аяқ-қолы бірнеше жерден сынған. Жағдайы ауыр.

Back to top button