BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті

Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің аула аумағымен келе жатып, солға бұрылар сәтте самокатпен келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ»,-делінген хабарламада.

 

 

Back to top button