BasNewsЖаңалықтар
Әлия Назарбаева экологиялық қауымдастықтың басшысы қызметінен кетті

Бұл ақпаратты қауымдастықтың атқарушы директоры Илья Сухоносенко растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әлия Назарбаев экологиялық қауымдастық төралқасының төрағасы қызметінен өз еркімен кетті.
«Ол өз еркімен өкілеттігін тоқтатты. Биыл 4 ақпаннан бастап Әлия Назарбаева Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрағасы қызметін атқармайды», – деді Илья Сухоносенко.
Сондай-ақ ол қауымдастықта енді төралқа төрағасы қызметі болмайтынын атап өтті.
«Біз бұл қызметті қысқарттық. Енді бұл орын болмайды», – деді атқарушы директоры.