BasNewsЖаңалықтар
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарлары Наталья Дементьева мен Тауфик Каримов болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен Наталья Григорьевна Дементьева және Тауфик Акрамович Каримов Қазақстан халқы Ассамблеясы nөрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиев атқарып келген еді.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.