BasNewsЖаңалықтар

Алматыда екі қабатты супермаркет өртенді

Өрт Түрксіб ауданындағы Huseinoff супермаркетінің ғимаратында шыққан. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

«ТЖД жоғарылатылған шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істейді (55 қызметкер және 15 техника). Штаб жұмыс істеп жатыр, өрт сөндіру сатысы қойылды. Сағат 11:06-да өрт ауыздықталды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

https://www.instagram.com/p/CdCvjfaIk3w/

Back to top button