BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда кәріз құдығынан есірткі табылды

Елордалық МИБ (Мүлік иелерінің бірлестігі) төрағасы Рүстем Айтхожин кәріз құдығынан белгісіз зат тауып алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Меркурий» тұрғын үй кешенінің Е-15 көшесіндегі кәріз құдығына жасырылған зат есірткі болып шықты. МИБ төрағасы ақ ұнтақты заты бар лентамен оралған пакетті үй аумағын аралап жүргенде тауып алған. Ол бірден полиция қызметіне хабар беріпті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Полицейлер есірткінің тұрғын үй кешенінің аумағына қайдан әкеленгенін анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Есіл аудандық полиция басқармасының басшысы Мадияр Айтуғанов «Меркурий Лайф» МИБ төрағасы Рүстем Айтхожинді қырағылығы үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

Back to top button