BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.

«Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен», — деді полицейлер.

Оқиға орнында Іле аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп, тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

https://www.instagram.com/p/CdDgtA0NIet/

Back to top button