BasNewsЖаңалықтар
10-12 мамырда ел өңірлерінде жаңбыр мен найзағай күтіледі
Синоптиктер 10-12 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, республикамыздың батысы мен оңтүстігінің кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, жел екпіні 15-20 м/с құрайды, кей жерлерде оның екпіні 25 м/с жетеді», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі.