BasNewsЖаңалықтар

Нөсер жаңбырдан кейін Алматы көшелерін су басты

Алматыда нөсер жауын жауып, қала аумағында бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Жауынның салдарын жоюға төтенше жағдай қызметкерлері жұмылдырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан қала көшелері мен тұрғын үйлердің ауласына су толды.

« Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» желісі мен «109» құтқару қызметіне Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 234, Айтиев көшесі, № 8 және № 6 үй аулалары мен жертөлелерінің су басуы туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайларға су соратын техника мен адамдар жіберілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.


Алматының барлық сегіз ауданында су басудың алдын алу үшін инертті материалдар дайындалды. Қазселденқорғау мекемесі бақылауды күшейтті.

Суды кедергісіз ағызу және сорып алуды қамтамасыз ету үшін 609 адам, 252 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. Құм салынған 2050 қап дайындалды.

Последствия ливня

 

Back to top button