BasNewsЖаңалықтар

11 баласы бар жалғызбасты анаға шымкенттік полицейлер көмек көрсетті

Шымкенттің тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы көпбалалы және жалғызбасты аналардың отбасы мүшелеріне үнемі көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған. Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылған 30 игі іс акциясы аясында және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сауапты игі іс жасап, 11 балалы жалғызбасты ананың отбасына барды.

Полицейлер қиын өмірлік жағдайға тап болған жанұяның кешіп жатқан тұрмыстық күйі туралы білген соң, оларға көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бірінші кезекте күнделікті қажеттіліктегі азық-түліктер алып берілді. Сонымен қатар, балалардың дені сау болып өсуіне керекті спорттық бұйымдар үлестірілді.

Өз кезегінде полицейлердің елеп-ескеріп келгеніне риза болған ана рақметін айтып, шынайы ризашылығын жеткізді.

– Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды. Атам қазақ «қолы ашықтың – жолы ашық» деген. Жолдарың ашық болсын. Жұмыстарыңа табыс тілеймін.

«Қазақ – ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Осы себептен, балаларымыз ешқандай қиындықсыз, зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылданып, дені сау азаматтар болып өссе деген ниетпен, өзгелерге үлгі болу үшін осы қайырымдылық іс-шарасын өткізуді көздедік. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі, өзіңдегі бар жақсылықты, бақытты өзгемен шынайы көңілмен бөлісу. Көмекке мұқтаж отбасыларға көмектесу де біздің мақсатымызға кіреді. Біз әрқашан өмірде әр түрлі жағдайға тап болған отбасылардың балаларына қолымыздан келгенше көмек көрсетуге дайынбыз. Алдағы уақытта бұдан әрі де осындай дәстүрге айналған игі істеріміз жалғасын табатын болады»,- деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Б.Карбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button