BasNewsЖаңалықтар

Мегаполис – бұл мәдениет пен тазалық

Шымкентте қала тазалығының сақталуына, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда әр аудан күнделікті атсалысуда. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Қаламызда 2 мыңнан астам көше, 2010 көпқабатты тұрғын үй, 1400-ге жуық аула бар. Бүгінде 1, 2, 3 санатты 156 көшенің тазалығына санитарлық-тазалық мекемелері жауапты.

Шымкент аумағындағы тазалық, көгалдандыру, абаттандыру құзыреті өткен жылдан бастап қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші мен Қаратау аудандарының әкімдіктерінің балансына өтті.

Осыған орай, бүгін тазалық жұмыстары Әл-Фараби ауданында да жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамалары жуылып, әйнектері қолмен тазартылып, сүртілді.

Сондай-ақ, А.Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы, автобус бекеттерінің айналысы да сабын сумен тазартылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Жалпы Әл-Фараби ауданында 213 аялдама бар. Тазалық жұмыстары кесетеге сай тұрақты жүргізіліп тұрады. Аудан басшылығы да тазалық жұмыстарын жіті бақылауына алған.

Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді.Жоспарлы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 арнайы техника мен 180-ге жуық тазалық қызметкерлері қамтылды.

Шымкент қаласында тазалық жұмыстары басты назарға алынып, күнделікті тазалау жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында да жүзеге асырылды.

Аудан аумағына қарасты орталық көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жол жиегіне жиналған топырақтар сыпырылып, қоқыс жәшіктер жуылып, тазаланды. Сонымен бірге Рысқұлов пен Шаяхметов көшелерінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолдары да сумен шәйіліп, тазартылды.

Жалпы ауданда тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қалада бей – берекет қоқыс тастау мәселесі де ерекше назарда. Ондай аумақтарда бейнекамералар орнатылатын болды. Өткен жылы өз аумақтарындағы аялдамаларды таза ұстау үшін аудан әкімдіктеріне тиісті қаражат бөлу мәселесі қарастырылған еді. Тазалық мәселесін қадағалауда экология полицейлері де жұмылдырылатын болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button