BasNewsЖаңалықтар
Президент 16 наурызда халыққа үндеу жолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдайды, деп хабарлайды BasNews.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысы ертең, яғни, 16 наурыз күні телевизия арқылы үндеу жасайды», деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін республикада төтенше жағдай жариялаған болатын. Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.



