BasNewsЖаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: Шектеу – тыйым салу емес!

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Президентінің Төтенше жағдай кезінде ел аумағына көлікпен кіру және шығуға шектеу қою туралы қаулысын түсіндірді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленсін», – делінген Президент қаулысында.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров төтенше жағдай кезінде шетелде жүрген қазақстандықтар елге қайтып келе алатынын айтты.

«Шектеу – тыйым салу емес. Шетелде жүрген отандастарымыз Қазақстанға келе алады. Бұл шектеулер негізінен шет мемлекет азаматтарына қатысты», – деп түсіндірді ресми өкіл.

Басқа жаңалықтар

Back to top button