Жаңалықтар

Маусымда Парламент палаталары бірлескен отырысқа жиналады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 30 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – делінген өкім мәтінінде.

Еске салайық, кейінгі бірлескен отырыс 20 маусымда өткен. Онда Парламент Үкіметпен бірлесіп, республикалық бюджетке түзетулерді талқылап, қабылдады.

Қазақстан Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын еліміздің ең жоғары өкілді органы. Ол екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button