BasNewsЖаңалықтар

ҰОК Олимпиада күні дүниеге келгендерді ерекше құттықтады

Жыл сайын Ұлттық Олимпиада комитеті отандық спортшылармен бірге 23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетеді.

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялаған биылғы жылы Ұлттық Олимпиада комитеті дайындаған арнайы сертификат, естелік сыйлықтар мен құттықтау хаттарды осы күні еліміздің барлық нәрестелері алды. Бұл Халықаралық Олимпиада күні үшін бірегей қайырымдылық акциясы, ҚР ҰОК алғаш рет 2020 жылы жүзеге асырып, халықаралық танымалдыққа ие болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)


Әрине, басты мақсат-ана мен балаға кішкене қуаныш сыйлау. Сонымен бірге, Ұлттық Олимпиада комитеті бұл балалардың барлығы өз елінің лайықты азаматтары болады, мүмкін болашақ Олимпиада чемпиондары ретінде тарихқа енеді деп сенеді.

Республиканың әр өңіріндегі қалалар мен ауылдардағы 240 перзентханаға 1500-ден астам сыйлық алдын ала жөнелтілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button