BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Биылға жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген

Биылға Шымкент қаласында бекітілген жоспарға сәйкес, «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шартын енгізу межесі  3 898 мекеме мен кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шартын енгізілу белгіленген.

Бүгінгі   таңға тиісті жұмыстар атқару барысында барлық   кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек  шарттарының  электронды  нысанда  жасалуы тұрақты бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 1829 кәсіпорында  37 0000 еңбек шарттары арнайы жүйеге енгізіліп, бекітілген жоспардың орындалуы 59% құрады.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2022 жылдың 6 айында  атқарған жұмыстарының есебінде бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша 2022 жылға, өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға) – 0,31%-дан асырмау болып бекітілген. Бұл көрсеткіштің орындалуы бүгінгі таңда 0,04%-ды құрап отыр.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру туралы «Өзгерістер жолы: Баршаға лайықты өмір!» Шымкент қаласының жол картасына енгізілген көрсеткіштер бойынша:

Ағымдағы жылға еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтар үлес салмағы, анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санына орындалу көрсеткіші 92,4% бекітілген болса, ағымдағы жылдың осы кезеңіне орындалу деңгейі– 81,0% құрады.

Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады.

«Шымкент қаласын 2021-2025 жылдарға дамыту жоспарын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі 85%, ал Еңбек министрлігімен бекітілген жоспарға сәйкес «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» электронды еңбек шарттарын  енгізу  3 898 кәсіпорында, жалпы 62 506 еңбек шарты енгізілу межеленген, бүгінгі таңда орындалуы  59%.

Басқарманың жұмысына қатысты бұхаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сыни материалдар жарияланбаған, күнделікті ақпараттық жарияланымдарға зерделеу жұмыстары жүргізілуде, қандайда бір сыни материалдар пайда болғанда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Ағымдағы жылы, басқарма тарапынан  3 брифинг, 4 рет БАҚ-та арнайы сұхбаттар берілді, 68 әлеуметтік желідегі ресми парақшаларға арнайы материалдар орналастырылды, сондай-ақ, еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі тақырыптарында қаладағы 25 мекеме мен ұйымдарда ақпараттық-түсіндіру семинарлары өткізіліп, Басқарманың әлеуметтік желілердегі «Facebook», «Instagram» парақшаларында 4 тікелей эфирге шығып жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің міндеттері мен құқықтарының сақталуына түсіндіріліп, 1 рет «ANTIKOR LIVE» тікелей эфирінде сұхбат беріліп, 1рет «ADAL KOMEK» жобасы аясында қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарын бақылау жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерімен қабылдау өткізілді.

Еңбек заңнамасының сақталуы бойынша орталық көшелерге 2 арнайы баннерлер орналастырылды, сонымен қатар арнайы видео роликтерді жасауға байланысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Басқарманың, Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталы, Facebook (enbekshym), Instagram (enbek_inspekciyasy) әлеуметтік желілері және «27-38-42 сенім телефоны» тұрақты жұмыс істейді.

Back to top button