BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте «Дені сау бала» бағытында 7 кейс бойынша жұмыстар жүргізілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 наурыздағы №148 қаулысымен бекітілген «Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасымен балалар жылын өткізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітіліп, Медиа-жоспар әзірленді.

Қалада іс – шара жоспарының «Дені сау бала» бағытында балалардың, мүгедек балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын іске асыру үшін 7 кейс бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы жобаны іске асыруға меншік нысанына қарамастан, қаланың барлық медициналық ұйымдары қатысады. Қала бойынша барлығы 39 баланы дамыту кабинеттері жұмыс істейді, онда тәжірибелі медицина қызметкерлері ерте жастағы балаларға проактивті скринингтер жүргізеді, ата-аналарды бала күтіміне, емшек сүтіне, қосымша тағамдарды енгізуге үйретеді.

«Арман жолы» кейсінде 2022 жылдың 6 айында 3773 бала оңалтудан өтті, өткен 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 29,7%-ға көп (2021ж.6 ай – 2908 бала).

Оңалтудан өткен балалардың 1 891-і немесе 50,1% мүгедек балалар (2021ж. 6 ай – 920 бала, 31,6%).

«Оқушы денсаулығы» бойынша қала мектептерінде 140 медициналық пункті жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының профилактикалық тексеруге жататын 225 737 баланың 146 729-ы, яғни 65% тексеруден өтті, жасына сәйкес иммундаумен 33% (жоспар 30-33,2%) қамтылған.

Қалада «Ерте анықтау-табыс кепілі» бағытында 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту 2022 жылға жоспарланған 86%-ң орнына нақты проактивті скринингтен 76039 жататын балалардың 64245-і өтті, бұл 84,5%- ды құрады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Қалалық клиникалық балалар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 оңалту орталығында Ашық есік күні өткізілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында халықаралық балаларды қорғау күніне орай  балалардың денсаулығы мәселелері бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, БМСК ұйымдарында – 1062 анаға және 1106 балаға кеңес берілді.

Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

«Балаларға күлкі сыйла!» науқанын өткізіп, балаларға 1 тісті сыйлыққа пломбалау  іс-шарасын  өткізе  отырып, балаларды тегін стоматологиялық тексеруді ұйымдастыруға 22 медициналық ұйым белсенді қатысты, оның ішінде 10 мемлекеттік, 6 жеке БМСК және 7 жеке стоматологиялық клиника қатысты. Тісжегінің, ауыз қуысы гигиенасының алдын алуға бағытталған жұмыстар белсенді жүргізіліп, профилактикалық тексеру, ауыз қуысын санациялау бойынша жұмыстар жандандырылды. Сонымен қатар, ашық есік күндері жарияланып, балаларға сыйлықтар, мадақтамалар ұйымдастырылды. Барлығы 737 балаға 737 қызмет көрсетілді, оның ішінде тіс дәрігерінің кеңесі,  ауыз қуысының гигиенасын үйрету және  КМХО-дан сыйлыққа пломбамен аяқталған белсенділіктің I және II дәрежелі үстіңгі және орта тісжегін емдеуі болды.

 

Back to top button