Түркістан облысы

Түркістан: « Ауыл – ел бесігі» арқылы 105 елді мекенде жобалар жүзеге асырылып жатыр

Биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 105 елді мекенде 249 жобаны іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, басым бөлігінде жұмыс жүріп жатыр.
Жобаның орындалу барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте кеңінен талқыланды. Өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, әлеуметтік нысандарды уақытылы тапсыру керектігін айтқан облыс әкімі жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.
Возможно, это изображение 4 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении
Облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, тамыздағы дерекке сәйкес 223 жаңа жобаның 191-і бойынша жеңімпаз мердігер анықталып, келісімшарттар түзілген. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жалпы 306,7 млн. теңге үнемделген.
Мәжілісте мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақтылы аяқтау, қаржыны заң талабына сай мерзімінде игеру мәселелері қозғалды. Құрылыс басқармасы мен Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Сайрам, Созақ, Бәйдібек, Келес аудандары және Арыс, Кентау қала әкімдіктеріне жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктелді.
Анықтама:

«Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2019 жылы өз жұмысын бастады. Мемлекеттен қосымша қаржы бөлу  арқасында ауылда өмір сүру сапасын жақсарту жоспарлануда. Жол құрылысы, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілерді салу, жұмыс орындарын құру-осының барлығы осы бағдарламаны іске асыруды көздейді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда өмір сүрудің қолайлы ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілетін болады.

Back to top button