BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Еңбекші аудан аумағының 57% кәріз жүйесімен қамтылған

Қазіргі таңда Шымкент қаласы Еңбекші ауданда кәріз жүйесімен қамтылу жағдайы 57%-ды құрайды.  Бүгін де «Ұлағат»,  «Солтүстік-шығыс» шағынауданына кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысан құрылысы 2022 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.   «Мирас», «Шапағат-2» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі.

Жұлдыз тұрғын алабындағы көпқабатты 27 үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту мақсатында жобалау сметалық құжат әзірленіп, қазіргі «Спецкоммунстрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын бастады.  Жобаның құны – 384,7 млн.тң.

Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Атап айтсақ:

– Ауыз сумен 94,5%-ға;

– Электр жарығымен 96,5%-ға;

– Табиғи газбен 90,7%-ға;

– Кәріз жүйесімен 57%-ға

– Асфальт жолмен 71,5%-ға қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен нақтыланып, бекітілді.

Аудандағы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 94,5 %. Қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді.

Аудандағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 96,5%, жекеменшік жүйе 2,5%, ал, қамтылмаған 1% (жаңақұрылыс учаскелері) құрады. Жалпы абонент саны – 66 283. Ауданда 10 тұрғын алаптағы жекеменшік жүйедегі және қамтылмаған    3,5%-ды  сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында мердігер мекеме «А Мерей и К» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4%,  жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды. Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 1921 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде. Атап айтсақ: Қарабастау, Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған, Оңтүстік.

Айта кету керек, Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда «Оңтүстік» және «Ордабасы» индустриалды аймақтары мен «СЭЗ Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы орналасқан. Сонымен қатар аудан аумағындағы 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген.

Back to top button