BasNewsЖаңалықтар

Еңбекші ауданында 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда ұзындығы 702 шақырымды құрайтын 611 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 502 шақырымы (71,5%) асфальт, 181 шақырымы (25.8%) тас, 19 шақырымы (2.7%) топырақты құрайды.

Жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен былтырғы жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілсе, 2022 жылы былтырғы көсеткіштен жоғары, жалпы 86,4 шақырымды құрайтын 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 99 көшеге асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілді, 33 көшеде жұмыс жүргізілуде.

Еңбекші ауданы аумағындағы 702 шақырымды құрайтын 611 көшенің қазіргі таңға дейін 103 көшесі жарықтандырылған (185,4 шқ). 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көшеге  20,9 шақырым жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Олар: Спатаев,  Қоңыр су,  Қызылбайыр,  Жаңадария, Тартоғай,  Шүкіров, Ш.Уәлиханов, Бадам-2 т.а. Орталық, Жылқышиев, Ғ.Иляев, Пченичных, Х.Пазиков, Ақпан батыр, Шаңырақ т.а. Шымқорған, К.Тленшин, Елтай т.а. Найзатас, Айнатас т.а. Орталық, 18 ш/а ішкі орам жолы көшелері. 2022 жылға – 34 көше (51,1 шқ, 31,0%) жарықтандыру жоспарда бар, қазіргі таңда  18 көше жарықтандырылды. Олар: №44 мектепке баратын Әлімбетов, Сапарбаев, Маметова, Әбдалиев, Ипмағанбетов, Жаңақұрылыс, Көкжиек көшелері, Жұлдыз т/а №94 мектепке баратын Маметова, Гагарин, Дачная көшелері, Маятас т/а Б.Момышұлы, Жарлыкөл көшелері, Айнатас т/а Орталық көшесі, Елтай т/а Оспанов, Орталық көшелері, Тоғыс т/а (Мұнайбарлаушылар) көпқабатты үйлер  аулалары-3көше. 1 көшеге қайта құру жұмыстары жүргізілуде (Желтоқсан). Жыл соңына дейін 15 көше жарықтандырылады. 2023 жылға – 37 көше (51,7 шқ, 38,3%) жарықтандыру жоспарда бар.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының басуының алдын алу мақсатында, 2021 жылы 14 мекенжайда 3,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.  Ағымдағы жылы жауын-шашын шамадан тыс жауып, 52 мекенжайда су көлдеу орын алды. Су басудың алдын-алу бойынша  бірінші кезекте 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланып, бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і Қызғалдақ көшесінде жұмыстар жүргізуде. Қалған 31 мекенжайға арық орнату     2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.

Back to top button