BasNewsЖаңалықтар

Шымкент: Тұрғындарды өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында ақылды тақталар орнату жоспарда

Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындарды өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында биыл қала орталығындағы көшелерге  22 дана (одан әрі 50 данадан астам) ақылды тақталар инвестор есебінен орнату жоспарланды. Қазіргі уақытта ақылды тақталар орнатылатын жерлер анықталды. Келісім-шарт Заң талаптарына сәйкес әзірленіп, қол қою сатысында.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы қала аумағында қосымша 3177 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералар. Қауіпсіздікті одан-әрі дамыту үшін биылғы жылы қосымша 1000 бейнебақылау камералар орнатылатын болады. Оның ішінде 800 қоғамдық қауіпсіздікті және 200 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесі күтілуде.

Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен қамту көрсеткіші «Цифрландыру, ғылым және инновациялар арқасында технологиялық серпіліс» Ұлттық жоспарға сәйкес 2023 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, 2024 жылы 1500 бейнебақылау камераларын, ал
2025 жылы 2500 бейнебақылау камералары қосымша орнатылуы керек.

ITS – ірі қалалар үшін интеллектуалды жол қозғалысын реттеу жүйесі. Жүйе ірі қалалардағы жол қозғалысын тиімді реттеу үшін ақылды бағдаршамдардың мүмкіндіктерін бүкіл қалада трафикті оңтайландырудың дамыған жүйесімен біріктіруді ұсынамыз. Қазіргі таңда қаламыздың 283 бағдаршамының 3 данасында ғана аталған зияткерлік жүйе орнатылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы қала аумағында қосымша 3177 бейнебақылау камералары орнатылды. Оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералар.

Ағымдағы жылы басқарма өз алдына үлкен әрі маңызды мақсаттарды қойып отыр. Олар: 1. Қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95% жеткізу; 2. Шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық желі тартып, қамту үлесін 75% жеткізу; 3. Қаладағы 100% қоғамдық орындарда wi-fi желісімен қамту; 4. Қала тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру; 5. Бейнебақылау камералардың санын ұлғайту; 6. Басқармаға бөлінген және бөлінетін бюджетті толық игеру; Cонымен қатар, «Аманат» партиясының жол картасына сәйкес ағымдағы жылы: 1. Қала тұрғындардың жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қол жетімділік үлесін 95% жеткізу; 2. IT саласына 1,5 млрд теңге инвестиция тарту; 3. Жаңа IT компанияларын құру; 4. «112» байланыс орталығын ашу бойынша жұмыстарын атқару. Сондай-ақ, Цифрлық даму министрлігімен жасалған «Технологиялық серпіліс» ұлттық жобаға сәйкес: 1. АКТ саласында 427 жұмыс орнын ашу; 2. Жоғары оқу орындарынан білікті 400 маман даярлау; 3. Заманауи IT мектеп ашу.

Back to top button