BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте 29 тамыздан бастап 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың iii-ші легі бойынша өтінім беру басталады

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
  • өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою. Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

  • тіркелген жұмыссыздар;
  • 29 жасқа толмаған,3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

  • еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
  • қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
  • өңіраралық қоныс аударушылар
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

– асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

-жастар (29 жасқа дейін).

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Ескерту: өтінімдер 29 тамыздан 9 -шы қыркүйекке дейін қабылданады.(сенбі-жексенбі,яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Алайда, белгіленген 1000 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда өтінімдерді қабылдау тоқтатылатынын назарларыңызға саламыз.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button