«Қаланы таза ұстау» акциясы аясында қоқыс алаңдарын тазалау, ескірген жарамсыз контейнерлерді ауыстыру мәселесі көтерілді

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, Абай ауданының әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп «Қаланы таза ұстау» акциясы аясында аудан аумағындағы бақылауда тұрған нысандар мен жеке меншік секторлардың қатты тұрмыстық қалдықтарын жинайтын қоқыс алаңшаларындағы контейнерлерді жуу және қоқыс алаңдарын тазалау, ескірген жарамсыз контейнерлерді ауыстыру мәселесін көтерді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жоспар-кестеге сәйкес мерзімінде шығару жөніндегі аудандық әкімдікке және ЛТД «Тұрмыс» ЖШС -не хат жолданды.
Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының ықпалымен ЖШС » Спецавтотранспорт» мекемесімен 15-мөлтекаудан 1, 3 үй, 16 мөлтекаудандағы 43, 43 а және «Күншығыс» шағын ауданындағы 88 үй жанындағы қоқыс алаңшалары кестеге сай қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді және тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының ықпалымен ЖШС » Спецавтотранспорт» мекемесімен 15-мөлтекаудан 1, 3 үй, 16 мөлтекаудандағы 43, 43 а және «Күншығыс» шағын ауданындағы 88 үй жанындағы қоқыс алаңшалары кестеге сай қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қаладағы 21 шағын ауданы Быковский көшесі тұрғындарымен аудан аумағында қолайсыз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды болдырмау мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, жүйелі түрде шығарылуы мен жою жұмыстарының уақтылы жүргізілуі туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
Осы орайда, қала тазалығы баршаға ортақ екендігін ескеру қажет. Сол себепті, қаламыздың әрбір тұрғынынан жалпыға ортақ тәртіпті сақтап, қала тазалығының сақталуына үлес қосуын сұраймыз!



