BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс видеоға түсіп қалған

Әлеуметтік желіде Қостанайда қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс сәті түсірілген видео жарияланды, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі.

Видеоны «Наша Газета (Қостанай)» Telegram-арнасы жариялады. «Оружейная палата» дүкеніндегі жарылыс сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кадрларда алдымен ғимараттан қою түтін шығып жатқаны, кейін өрт шыққаны көрінеді. Содан кейін дүкеннен адамдар жүгіріп шығады.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Назарбаев көшесіндегі «Оружейная палата» дүкенінде өрт шыққан болатын. Жақын маңда тұрған көліктер де өрттен зардап шеккен. Сонымен қатар, сегіз жекеменшік үй өртеніп кетті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button