BasNewsЖаңалықтар

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II қайтыс болды

Англия патшайымы Елизавета II Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Бұл туралы Букингем сарайы мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі BBCnews сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін түстен кейін патшайым Балморалда (Шотландия – еск.) қайтыс болды. Король мен патшайым-консорт бүгін кешке Балморалда қалып, ертең Лондонға оралады», – делінген хабарламада.

Тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін корольдік отбасының ресми сайты уақытша қолжетімді емес екені атап өтілді.

II Елизавета таққа 1952 жылы 6 ақпанда жиырма бес жасында, әкесі – Король Георг VI қайтыс болғаннан кейін отырған еді.

Ұлыбританияның жаңа патшасы оның ұлы және мұрагері Чарльз болды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button