BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды
Нұр-Сұлтанда ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Күдіктілердің Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынғаны және Петропавл қаласында іздеу жарияланғаны анықталды.
Ұсталған азаматтар травматикалық патрондармен оқталған WALTHER, ОСА тапаншалармен, сондай-ақ суық қарумен қаруланған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



