BasNewsЖаңалықтар

Дәрігерлер Павлодарда 10-қабаттан секірген қыздың жағдайын айтты

Павлодарда зорлыққа ұшыраған соң 10-қабаттан секіріп кеткен16 жастағы Ксенияның өмірі үшін облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері бір айдан астам уақыт бойы күресіп жатыр. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, жәбірленушінің жағдайы жақсармай жатқанын айтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Оbozrenie.kz порталына сілтеме жасап.

Жасөспірімнің іш қуысына бірнеше күрделі ота жасалған. Соңғысы 7 қыркүйекте өткен.

“Балаға бас сүйек-ми жарақаты, омыртқа және басқа да сүйектердің көптеген сынықтары, ауыр зардаптарға әкеп соққан  іш құрылысы жарақаты анықталды. Болжам ауыр”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер Ксенияның жағдайы ауыр екенін, бүгінде науқас жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

Дәрігерлер қазір Нұр-Сұлтан нейрохирургия орталығының республикалық мамандарымен байланыста. Емдеу тактикасы елордалық мамандармен келісілген.

Еске салсақ, Павлодар қаласының 16 жастағы тұрғынын танысы азғырып, пәтерге кіргізіп алған соң үш жігіт жабылып зорлық-зомбылыққа жасаған. Қорлыққа шыдамаған жас қыз сол күні кешке 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Полицейлер үш күдіктіні де тұтқындап, тергеу жүргізіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button