BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді әуежайдан қарсы алды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button