BasNewsЖаңалықтар

Елорданың атауын өзгерту мәселесі 15 қыркүйекте мәслихатта қаралады

Елордалық мәслихат депутаттары Нұр-Сұлтанды Астана деп өзгерту мәселесін көпшілік тыңдауларда қарастырады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тыңдаулардың анонсы мәслихат сайтында жарияланды.

«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының көпшілік тыңдауларының қарауына» Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» мәселе шығарылады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжілістің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері Нұр-Сұлтанға Астана атауын қайтаруды қолдаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button