BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірім 10-сынып оқушысын пышақтап өлтірген

Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан жасөспірім көз жұмды. Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында жанжал туындаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол  жергілікті тұрғын, 10-сынып оқушысы екені анықталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келген. Ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алды.
Күдіктілерді ұстау бойынша басқа да шұғыл шараларды іске асырылды. Нәтижесінде полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны ұстады.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button