BasNewsЖаңалықтар

Павлодар облысында өртсөндіру көлігі аударылып қалды: бір адам қаза тапты

Павлодар облысы орманында өртсөндіру көлігі жол апатына ұшырады. Оқиға орнында бір адам қаза тауып, арнайы көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат Шарбақты ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында жарияланды.

«Бауыртал орман шаруашылығында өртсөндіру көлігі ағашқа соқтығысты. Оқиға орнында 1985 жылы туған адам қаза тапты, ал 62 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр», – делінген хабарламада.

РЕКЛАМА

Зардап шеккен өртсөндіру көлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button