BasNewsЖаңалықтар

Жетісу облысында үш жасар бала күтушісінің соққысынан көз жұмды

12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға басы жарақаттанған деген диагноз қойған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қызды УҰИ қамауға алды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді.

Осы факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізіледі. Қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button