BasNewsЖаңалықтар
Абай облысында 18-өңірдің көлік нөмірлері беріле бастады
Абай облысындағы мамандандырылған ХҚКО-ларда 18-өңірдің мемлекеттік тіркеу нөмірлері беріле бастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Азаматтарға арналған үкіметтің баспасөз қызметі мемлекеттік нөмірлерді беру 21 қыркүйекте басталғанын хабарлады. Абай тұрғыны 18-өңірдің алғашқы нөмірін алды.
Бұған дейін ІІМ-де өңірлердің жаңа цифрлық белгілерін енгізу кезінде жаңа облыстардың тұрғындарына бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейтіні хабарланған болатын.



