BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Бейсенбі күні Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Түркістан облысының басым бөлігінде 22-24 қыркүйек күндері төтенше өрт қауіпі сақталады.

22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22-24 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 22-24 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

22 қыркүйек Атырау облысының күндіз оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button