BasNewsЖаңалықтар

Доллар шамамен 2 теңгеге төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,74 теңгеге төмендеп, 479,42 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 23 қыркүйектегі ресми бағамы – 481,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 480,64 теңге, сату – 484,58 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 477,63 теңгеден сатып алынып, 481,89 теңгеден сатылып жатыр.

Back to top button