BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында итті көлікке байлап сүйреген адам видеоға түсті

Алматы облысындағы ауылдардың бірінің көшесінде жүк көлігіне байланған итті сүйреп өткен. Бұл Талғар ауданындағы Еркін ауылында болғанын айтады куәгерлер, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде таралуда. Бейнежазба авторы не болып жатқанын артында келе жатқан көліктен түсіреді.

Полицейлер құқық бұзушылықтың тіркелгенін атап өтті. Тексеру шаралары жалғасуда.

«Біз міндетті түрде құқық бұзушыны анықтап, шара қолданамыз», – деді полицейлер.

Back to top button